Жаңалықтар тізбегі
0

Ұшақта аузына келгенін айтып, шіренген еркекке 152 790 теңге айыппұл салынды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 23:46 Pixabay
Ол әуе кемесінің салонында мас күйінде темекі шеккен, балағат сөздер айтқан, тіпті әуе компания қызметкерлерімен төбелескен.

Елорданың әуежайында көлік полициясы 43 жастағы жолаушыға әкімшілік құқық бұзушылығы үшін айыппұл салды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Көлік полициясы қызметкерлері 1977 жылғы азаматты бірден әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша: темекі өнімдерін және (немесе) электронды темекіні әуе кемесінде тұтынғаны үшін, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін, ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартып, 55 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Оның айтуынша, 3 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайындағы полицияның желілік бөлімінің кезекші бөлімшесіне Скат әуе компаниясының өкілінен Ақтау-Нұр-Сұлтан рейсіндегі жолаушылардың бірі мас болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

- Тексеру барысында полиция 43 жастағы Маңғыстау облысының тұрғынын анықтады, ол әуе кемесінің салонында мас күйінде темекі шеккен, балағат сөздер айтқан, тіпті жоғарыда аталған авиакомпания қызметкерлерімен төбелескен. Ұшақ жерге қонған соң ер адам акті бойынша полицияға тапсырылды, - деді полиция полковнигі.

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: