Астанада қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөз айтқан спортшыға айыппұл салынды

Балағат сөз, Астана, спортшы, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 21:31 Сурет: Zakon.kz
Астанада қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтқан қазақстандық спортшы сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

"Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде (86 500 теңге) айыппұл салынды. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін кез келген әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Қоғамдық тәртіп – мәдениетті мінез-құлық пен өзара құрметтен басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: