Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысы инспекторларының жалақысы мен сыйақысын иемденген рота командирі сотталды

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 20:43 azh.kz
Инспекторлар командирге қызметтік тұрғыда толықтай тәуелді болғандықтан, оған осы қаражатты беруге келіскен.

Атырау қалалық No2 сотында Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасының командирі мен оның орынбасарына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

"AЖ" басылымы атап өткендей, оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы ("Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша айып тағылды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың ақпан айында 45 жастағы подполковник Айбек Мырзахметов патрульдік-полиция ротасының командирі болып тағайындалған соң қарамағындағылардан ақша ала бастаған. Ол үшін әкімшілік құқық бұзушылық аз анықталған инспекторлар туралы ақпарат жинап, содан соң қызмет бойынша жазаламауға уәде беріп, олардан ақша талап еткен. Бірінші құрбаны - Жылыой ауданының инспекторына Мырзахметов Kaspi Gold арқылы өзінің орынбасары, 37 жастағы капитан Ерболат Өтеновтің картасына 35 мың теңге жіберуді бұйырған. Әрі қарай осы схема бойынша әрекет еткен Мырзахметов өткен жылдың тамызына дейін барлығы 715 мың теңге "тапқан", делінеді қылмыстық іс деректерінде.

Сондай-ақ, Мырзахметов қарамағындағылардан карантин кезінде артық жұмыс істегені үшін берілген сыйақының бір бөлігін талап етіп, алғаны анықталды. Жалпы сомасы 180 мың теңге болған.

- Инспекторлар командирге қызметтік тұрғыда толықтай тәуелді болғандықтан, оған осы қаражатты беруге келіскен, - делінген сот үкімінде.

Орынбасарының кінәсі - ол бастығының "қара кассасы" туралы біле тұра, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарламаған.

Сот Мырзахметовке бір жылға бас бостандығын шектеу, Өтегеновке - 833 мың теңге айыппұл салу үкімін шығарды. Екеуі де полиция шенінен айырылды, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

№2 қалалық сотта хабарлағандай, азаматтарға келтірілген зиян өтелді, жәбірленушілердің сотталушыларға талаптары жоқ. Үкім шығарылған кезде "сыбайлас жемқорлық қылмысының онша ауыр емес дәрежесі" мен кішкентай балаларының болуы да ескерілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: