Жаңалықтар тізбегі
0

Сот бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтады - адвокат

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2021 17:28 24.kz
Энергетика министрінің орынбасары Анатолий Шкарупа 2018 жылы 18 қарашада қамауға алынды.

Қазақстанның бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға сотта ақтайтын үкім шықты. Бұл туралы zakon.kz тілшісіне Шкарупаның адвокаты Нұрлан Бейсекеев айтты.

Ақтайтын (үкім) ... ... Олар әлі жариялап жатыр, - деді ол.

Бұған дейін, жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Шкарупа үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ол ерекше ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырды немесе иемденді деп айыпталды. Басқа сотталушылар - Тұрғын үй құрылыс дамыту қорының бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы мен "ENERCO" ЖШС директоры Ерлан Нәбиевке прокурор сегіз жыл үкім сұрады.

Энергетика министрінің орынбасары Анатолий Шкарупа 2018 жылы 18 қарашада қамауға алынды. Ол және тағы екі адам Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорынан Қарағанды ​​облысының Саран қаласында жылу есептегіш құралдарын сатып алуға және орнатуға бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

2018 жылдың 7 қарашасында Ақордада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Бас прокурор Қайрат Қожамжаров жақында энергетика министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған Анатолий Шкарупаның 215 миллион теңгені ұрлауға қатысы бар екенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: