Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда көшеде 12 жыл тентіреп жүрген әйел қабылдау пунктіне жеткізілді

pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 22:17 pavlodarnews.kz
Полиция қабылдау-тарату орнының есігі тәулік бойы ашық екенін еске салады.

Павлодар облысында жыл басынан бері қабылдау-тарату орнына 157 адам жеткізілген. Олардың 40-ы - құжаттары мен тұрғылықты баспанасы жоқ адамдар, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz.мәліметі бойынша, пана іздеген жандардың тағдыры әртүрлі.

- Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар қатты аяз кезінде жылынудың кез келген жолын іздеуге мәжбүр болады. Мысалы, қаланың қоқыс жәшіктерінің ішіндегісін мұқият ақтарған әйел жеткізілді. Татьяна - 42 жаста. Ол шамамен 12 жыл көшеде тентіреп жүр. Ол қоқыс жәшігінен тамақ табу оңай, кейде одан да құнды нәрсе табылатынын айтқан, - деді Павлодар қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату бөлімінің бастығы Аман Абельбеисов.

Сондай-ақ Суворов зиратының жанындағы құдықтан 44 жастағы ер адам табылған. Владимирдің әйелі үйінен қуып жіберген, құжаттарын жоғалтып алған, бірнеше жыл бойы құрбысымен бірге тұрды. Қазір ол құрбысымен бірге қабылдау пунктінде.

- Бұл жерге пана іздеп келген жандардың тағдыры әртүрлі. Бірі кеткен соң қайтып оралмайды. Бірақ құжаттарын қалпына келтіріп, жұмысқа орналасуға және тұрғын үй мәселелерін шешуге көмек көрсетілген адамдар да бар. Кейде қайғылы жағдайлар да кездеседі. Мысалы, биылғы жылдың 26 қаңтарында Екібастұз қаласындағы Королев – М.Әуезов көшелерінің қиылысындағы жылу трассасына келген полицейлер зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесін тапты. Кейін қызы 57 жастағы анасын анықтады. Әйел адамның көру қабілеті нашар болған екен, - дейді Аман Абельбеисов.

Полиция қабылдау-тарату орнының есігі тәулік бойы ашық екенін еске салады. Сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар көшеде ұйықтап, жертөлелерде немесе үйлердің кіреберістерінде жатқанын көрген жағдайда 51-58-51 немесе «102» телефонына қоңырау шалуды сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: