Павлодарда көшеде қоқыс тастағандар камера арқылы анықталып жатыр

Мусор, мусорная свалка, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 13:22 Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласының Жедел басқару орталығының операторлары тәулік бойы тек саябақтар мен скверлерде ғана емес, тұрғын үйлердің аулаларында және тыныш көшелерде де тәртіпті бақылап отыр.

Енді қоқыс жәшігіне жетпей тасталған әрбір темекі тұқылы сотқа дейінгі іс қарауға себеп болуы мүмкін. Бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде тіркейді.

Мысалы, Сураганов көшесінде екі ер адам темекі тұқылын жерге тастаған сәт камераға түсіп қалған. Осындай жағдай Торайғыров көшесінде де болған: бір тұрғын қоқыс жәшігіне дейін барғысы келмей, темекі тұқылын тротуарға тастаған.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыларға қатысты материалдар рәсімделді. Олар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", – дейді Павлодар облысы ПД ЖБО бастығының міндетін атқарушы Гомар Шабиденов.

Атап өтеміз: "Нөлдік төзімділік" қағидаты іс жүзінде жүзеге асырылуда. "Таза Қазақстан" акциясы аясында көшелердің тазалығына бақылау күшейтіле түседі.

"Заң және тәртіп" қағидаты – бұл жай ғана сөз емес, қоғамда кез келген, тіпті ең ұсақ құқық бұзушылықтарға да төзбеушілік қалыптастыруға бағытталған күнделікті жұмыс.

Құқық қорғау органдары ескертеді: тазалықты бұзу фактілерінің барлығы техника арқылы тіркеледі, және мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік міндетті түрде қарастырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: