Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жүк пойызы 14 қойды қағып кетті

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2021 21:05 Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пойыздың тұрағы 9 минутты құрады.

Көлік полицейлері Алматы облысының 51 жастағы тұрғынын теміржол бойында мал жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қопа-Жиренайғыр аралығында жүк поезының машинисі темір жол бойында бір отар қойдың болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды. Басып кетудің алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде поезд 14 қойды қағып кетті. Пойыздың тұрағы 9 минутты құрады.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Шамалған станциясында үй жануарларының иесі болып табылатын Алматы облысының 51 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деді полиция полковнигі.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында пойыздардың шұғыл тежелуінің 145 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен - 37, теміржол төсемінде малдың болуымен байланысты - 108.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: