Оңтүстік Кореяда көлік ұрлаумен айналысқан үш қазақстандық ұсталды
Ашық дерекөздерден алынды
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция ұрланған төрт көлікті өз иесіне қайтарып берілді.
Отандастарымыз Кванжу қаласындағы мамандандырылған сауда кешенінен ескі жеті автокөлікті ұрлады деген күдікке ілінді. Корей тергеу нұсқасы бойынша, көліктер 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында ұрланған, деп хабарлайды zakon.kz.
Baigenews.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап, Оңтүстік Кореяда 20-30 жастағы Қазақстанның үш азаматы ұсталғанын хабарлады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция ұрланған төрт көлікті өз иесіне қайтарып берілді. Ағымдағы тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін қазақстандықтарды қамауға алуды жоспарланып отыр.
"Полиция жүйелі түрде қылмыс жасау мүмкіндігін зерттеп жатыр және негізгі тергеу аяқталған бойда қамауға алу туралы арыз түсіруді жоспарлап отыр" делінген корей басылымындағы мақалада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript