Жаңалықтар тізбегі
0

Байқаңыз! Алаяқтар ХҚКО қызметкері болып, жұртқа хабарласып жүр

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2021 17:31 pxhere.com
Қазақстандықтардан қырағылық танытып, төлқұжат деректерін немесе электронды цифрлық қолтаңбаны бөтен адамдарға бермеуді сұрайды.

Алаяқтық әрекеттердің жиілеуіне байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері клиенттерге қоңырау шалмайтынын және олардан қарызды төлеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтындығын ескертеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері борышкерлердің мәліметтер базасына кіруге құқығы да жоқ, яғни банктік шоттарды жауып, шетелге шығуға тыйым сала алмайды. Клиенттермен барлық байланыс тек 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады. SMS хабарламалары арқылы клиенттерге қолданыстағы брондар, құжаттарды даярлау процесінің аяқталуы немесе мемлекеттік қызметтің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі, делінген ресми хабарламада.

Қазақстандықтардан қырағылық танытып, төлқұжат деректерін немесе электронды цифрлық қолтаңбаны бөтен адамдарға бермеуді сұрайды.

Жеке кабинетіңізге кіруге мүмкіндік ала отырып, қаскөйлер сіздің жеке ақпаратыңызды жеке мақсаты үшін пайдаланып кетуі мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: