ШҚО-да арнайы операция: қылмыстық топ мүшесі ұсталды
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Күдікті шаруа қожалығының аумағында ақша алған кезде ұсталды.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері арнайы операция өткізіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұған дейін бірнеше рет сотталған облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны 2021 жылдың қыркүйек айының басынан бастап шаруа қожалығының иесінен 30 млн теңге көлемінде ақша талап еткені туралы ақпарат келіп түсті.
Күдікті шаруа қожалығының аумағында ақша алған кезде ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның әрекеті ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі (бопсалау) бойынша сараланады, бұл бап 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейді, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript