Бүлікшілер медбике қызды науқастардың көзінше зорлаған
Сурет: pixabay
Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, науқастардың көзінше медбике қызды зорлаған, деп хабарлайды Zakon.kz
Turkystan.kz сайты таратан ақпаратқа сүйенсек, бұл туралы заңгер Абзал Құспан YouTube-арнаға берген сұхбатында мәлімдеген. Оның айтуынша, бейнежазбаға түсіп қалған қылмыстық істерді көргенде төбе шашың тік тұрады.
Мәселен, бүгін бостандыққа шығарған 11 адамның ішінде ауруханаға жарақатпен түскендері бар. Сол адамдардың көзімен көргені: ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, науқастардың көзінше бір медбике қызды зорлап тастаған. Ол – полиция қызметкері емес, ереуілге қатысқан бұзақы топтардың жасап отырған ісі. Осы сияқты жағдайларды айтсақ, талай адам түңіліп кетер еді. Абзал Құспан
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript