Атырауда ірі есірткі арнасының көзі жойылды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш ҚР азаматын ұстады, деп хабарлады Zakon.kz.
7 наурызда, алдын ала деректер бойынша, есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы ұсталды.
Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық «марихуана» есірткісі алынды, оның «қара нарықтағы» құны 60 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.
Атырау облысының тергеу соты көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

