Атырауда тыйым салынған дәрілерді қарызға таратып келген әйел ұсталды
Сурет: ҚР ПД баспасөз қызметі
1974 жылы туған әйелдің пәтерінен 114 дана «Трамадол» дәрісі, 18 дана «Лирика» пластинкасы, «Тропикамед» дәрі-дәрмектерінің ақ түсті 82 құтысы, «Сомнол» дәрісінің 10 дана пластинкасы табылды. Ол тыйым салынған заттарды тұтынушыларға қарызға беріп келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
polisia.kz сайтының жазуынша, психотроптық есірткі заттарын сатумен айналысқан әйелден өзге азаматтардың 35 дана куәлігімен қоса, 1 млн 375 мың теңге табылып, тәркіленген.
Полицейлердің айтуынша, әйел азаматтардың құжаттарын психотроптық есірткі заттарын қарызға беру үшін кепіл ретінде алып отырған.
Әккі әрекетке барып, психотропты дәрілерді заңсыз сатқан тұлғалар бір пәтер арқылы тұтынушыларға дәрі сатса, көрші пәтерде көп мөлшерде психотропты дәрі сақтап отырған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Атырау облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript