Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп берді

ҚР ҰҚК, қару, қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 13:35 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылдың маусым-шілде айларында полиция органдарымен бірге заңсыз айналымнан, оның ішінде «қаңтар оқиғасында» қолды болған қару-жарақтарды анықтау және тәркілеу бойынша бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК таратқан мәлімет бойынша, Шымкент және Тараз қалаларында қылмыстық топтар қолға түсіп, олардан 3 тапанша, 2 дана ойық ұңғылы «Сайга» карабині, 2 мылтық, пневматикалық тапанша, винтовка, сондай-ақ 64 дана оқ-дәрі тәркіленді.

ҚР ҰҚК, қаңтар оқиғасы, қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 13:35

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шымкент қаласында Алматыдағы «Kamerad» аңшылық дүкенін тонауға қатысы бар тұрғындар ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен 2 дана ойық ұңғылы «Сайга-12С» карабині, пневматикалық қару және 71 дана оқ-дәрі табылды.

Оған қоса, қала маңынан «Калашников» автоматы, 2 тапанша, аңшы мылтығы, «Ф-1» гранатасы, жарылғыш құрылғыларға арналған 8 детонатор және 43 дана оқ-дәрі жасырылған жер анықталды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тараз қаласында 2 «Калашников» автоматы, 10 тапанша, «SHTURM» шабуыл винтовкасы, 3 тегіс ұңғылы мылтық, граната және 476 дана оқ-дәрі жасырылған жерлер табылды.

Қару, ҚР ҰҚК, қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 13:35

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысында жасырын жерден «Калашников» автоматы, 4 тапанша, 8 тегіс ұңғылы мылтық, «шолақ мылтық», 12 граната, 464 дана оқ-дәрі және оптикалақ көздеу құралы табылды.

ҚР ҰҚК, қару, қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 13:35

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Талғар ауданының тұрғындары 2 «Калашников» автоматын, тегіс ұңғылы мылтық, «Ф-1» гранатасын және 180 дана оқ-дәріні заңсыз сақтағандары үшін ұсталды.

Алматыдағы жасырын орыннан 2 «Калашников» автоматы, 2 винчестер, 5 тапанша, 5 тегіс ұңғылы мылтық, «шолақ мылтық», 20 граната және 212 оқ-дәрі алынды.

Алматы, қару, қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 13:35

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шығыс-Қазақстан облысындағы жасырын жерден «ТОЗ» маркалы аңшы мылтығы, 2 «шолақ мылтық» және 13 дана оқ-дәрі алынды.

Ақтөбе облысы тұрғынының жеке автокөлігін тексеру кезінде аңшы мылтығы мен 6 оқ табылып, тәркіленді.

Қару, қаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 13:35

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қызылорда облысы тұрғынынан Алматыдағы «Kamerad» аңшылық дүкенінен ұрланған «Derya» MK-10 винтовкасы алынды.

Түркістан облысында револьвер, тегіс ұңғылы мылтық және граната алынды.

Қару, қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 13:35

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Заңсыз айналымнан барлығы: 68 бірлік қару, 36 граната, 8 жарылғыш құрылғы, 1 529 дана оқ-дәрі алынды. Заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды іздестіру және алу бойынша шаралар жалғасып жатыр.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: