ҰҚК қызметкерлері "Қантар оқиғасы" кезінде ұрланған қару-жарақтарды әлі де тауып жатыр

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 09:41
2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 3 ақпанында ҰҚК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, 8 "Калашников" автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді.

Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланғаны анықталды.

Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: