Жаңалықтар тізбегі
0

Алға ауданындағы күлі көкке ұшқан газ құю бекеті: арнайы комиссия құрылып жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 19:54 Сурет: zakon.kz
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысында автогаз құю стансасында орын алған оқиғаға қатысты қосымша ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомства атап өткендей, 2022 жылғы 17 шілдесінде сағат 19:02-де (жергілікті уақыт бойынша) Ақтөбе облысы Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 101 телефонына «Лимангаз» ЖШС автогаз құю станциясындағы өрт туралы дабыл түсті.

Өрт Ақтөбе облысы ТЖД Алға аудандық өрт сөндіру қызметінің күшімен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, АГҚС күндізгі сағат 12-ден бері жұмыс істемеген. Нысанның аумағында 2 қызметкер болған, куәгерлердің айтуынша, өртенген ыдыс бос болған.Алға ауданының ТЖБ өрт себебін анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осы оқиғаны тексеру үшін комиссия құрады, оқиға орнына өнеркәсіптік қауіпсіздік мемлекеттік инспекторы жолданды.ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Сурет: gov.kz

Сурет: gov.kz

 Құзырлы ведомства егжей-тегжейлі ақпарат тергеу жүргізіліп, өрттің барлық мән-жайлары анықталғаннан кейін ұсынылатынын ескертті.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: