Жаңалықтар тізбегі
0

Теңізде жұмысшы қайтыс болды – тергеу жүріп жатыр

Теңізшевройл, Өркен, жұмысшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 14:09 Сурет: Zakon.kz
24 тамызда Өркен вахталық қалашығының құрылыс алаңында «Қазтурборемонт» қосалқы мердігер ұйымының (Infra Del Projects) қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл апат туралы «Теңізшевройл» ЖШС хабардар етілді.

Тиісті мемлекеттік органдарға қосалқы мердігердің басшылығы хабар берді. Кез келген қосымша сұрақтарды қосалқы мердігердің басшылығына немесе тиісті мемлекеттік бақылаушы органдарға жолдауыңызға болады.«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі


Бұл оқиғаға қосалқы мердігер де түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта Infra Del Projects Өркен уақытша қонысының құрылыс алаңында не болғанын түсіну үшін әрі мұндай оқиғалардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін тергеуге қолдау көрсетіп жатыр, – деді IDP өкілі.

Оның айтуынша, басшылық тиісті органдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

Infra Del Projects компаниясы марқұм әріптесінің отбасына жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.Infra Del Projects өкілі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: