Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік техникалық қызмет: Қазнетке әлі де кибершабуыл жасалып жатыр

Қазнет, кибершабуыл, хакер, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 13:36 Сурет: freepik
29 қыркүйек күні таңертең Қазнетке тағы да ауқымды кибершабуылдар жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ өкілі хабарлады.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай Қазақстанның барлық өңіріндегі интернет байланысының жұмысына кері әсер етеді.

Қазіргі уақытта "МТҚ" АҚ-ның техникалық мамандары қауіптерді залалсыздандыру жұмысымен айналысып жатыр. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ баспасөз қызметі

Қазақстанның түрлі өңірлерінде, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бірнеше күннен бері интернетте ақаулар байқалды.

Қазнетке DDoS шабуылы алғаш рет 25 қыркүйекте белгілі болды. "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ кибершабуылдар байланыс операторларының магистральдық арналарына жүктеменің артуына әкеп соқтыратынын ескертті.

Қыркүйектің 28-і күні Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Павлодар облыстарын қоса алғанда, бірқатар қазақстандықтар интернет желісіндегі ақауларға шағымданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: