Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада екі адамды құтқарған өрт сөндіруші қайтыс болды

Асқар Забикулин, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 13:57 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
20 қарашада өрт сөндіруші Асқар Забикулин Астанадағы ауруханада қайтыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, дәрігерлер бірнеше күн оның өмірі үшін күрескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушінің артында әйелі мен екі баласы қалғаны айтылып жатыр.

"Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді", - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

16 қарашада астаналық "Қаһарман" тұрғын үй кешенінде 11-қабаттағы пәтер өртенген. Өрт сөндірушілер дереу үйге жетіп, бес адамды, оның ішінде бір баланы аман алып қалды. Сонымен қатар он адам эвакуацияланды. Оқиғадан кейін екі өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді.

1994 жылы туған Асқар Забикулин 3-дәрежелі күйік алған. Асқар Забикулиннің достары айтқандай, оның денесінің 80%-ы күйген. Дәрігерлер оны комаға жатқызды.

Ол өртеніп жатқан пәтерге терезе арқылы кіру үшін қорғаныш киімін шешкен. Тек камуфляжбен және бетпердемен жанып жатқан бөлмелерді аралап өткен. Үй ішінен әжесі мен немересін тауып алып, өрттен алып шыққан. Содан кейін көрші пәтерден он жасар баланы құтқарып қалды.

18 қарашада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілгені белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: