Асқар Забикулиннің өмірін қиған "Қаһарман" тұрғын үй кешеніндегі өрттің себебі анықталды
Өрттің шығуына электр сымдарының оқшаулауының тұтануына әкеп соқтырған ұзартқыш желіде апатты жағдайдың пайда болуы себеп болды, деп хабарлады Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
16 қарашада астаналық "Қаһарман" тұрғын үй кешенінде 11-қабаттағы пәтер өртенді. Үйге жеткен өрт сөндірушілер бес адамды, оның ішінде бір баланы аман алып қалды. Сонымен бірге он адам эвакуацияланды. Оқиғадан кейін екі өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді.
№10 өрт сөндіру бөлімінің командирі Аян Кемпіровтың жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Өрт сөндіруші Асқар Забикулин қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті.