Жаңалықтар тізбегі
0

Ұйымдасқан қылмыстық топ 486 көлікті заңсыз тіркеген

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, жалған нөмір, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 10:27 Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп, шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз жолмен тіркеп келген "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ қызметкерлері мен басқа да азаматтардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қылмыстық топ "заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысқан".

"Қылмыстық топ осы жылдың қаңтар айынан бастап азаматтарды  алдау арқылы өз қызметін ұсына отырып, олардың ақшалай қаражатын ұрлап, 486 көлік құралын заңсыз тіркегені анықталды". Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, әрбір автокөлікке заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған.

Қажетті ақшаны алғаннан кейін күдіктілер автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған. ҰҚТ қызметі, оның ішінде ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторларының «Web-модуль» сервистік орталығы» ақпараттық жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған автомашиналар туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жоюы және олардың орнына жаңадан әкелінген автомобильдердің мәліметтерін енгізу салдарынан жүзеге асқан.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Соттың санкциясымен төрт полиция қызметкері қамауға алынғаны мәлім болды.

Мемлекеттік баждар мен төлемдерді төлеуге арналған азаматтардың ақшалай қаражатын күдіктілер ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Аталған адамдардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде азаматтар мен мемлекетке 1 млрд. теңгеге төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде залал келтірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Агенттік бұл іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 Арнайы ХҚКО басшысы ұсталғанын хабарлады.

Әлі тергеу жүріп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеуге және өз машиналарын тіркеуді тек ресми тәртіппен жүргізуге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: