Мексикада түрмеге жасалған шабуылдан 14 адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Шабуыл солтүстік шекарадағы Хуарес қаласында болды. Сол күні қаланың басқа жерлерінде болған атыс кезінде тағы екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Чихуахуа штатының прокуроры түрмеге жасалған шабуылда қаза тапқандардың арасында 10 қауіпсіздік қызметкері мен төрт тұтқын бар екенін айтты, деп хабарлайды Reuters.
Тағы 13 адам жараланып, кем дегенде 24 адам қашып кетті.
Алдын ала тергеу көрсеткендей, шабуылдаушылар түрмеге жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-лер шамасында бронды көліктермен келіп, оқ жаудырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript