Павлодар облысында адам өліміне әкелген ЖКО орын алды

Павлодар тас жолында ЖКО болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2023 14:00 Сурет: pexels
«Павлодар-Майқапшағай» тас жолында, Кенжекөл ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 1 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында болған. «Мазда-626» және «ВАЗ 21074» маркалы екі көліктің соқтығысуы салдарынан «ВАЗ 21074» көлігін басқарған 1984 жылы туған жүргізуші мен жолаушы орнында отырған 1986 жылғы қыз бала қайтыс болды. 

"Мазда-626 автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 1989 жылы туған жолаушы медициналық көмекке жүгінген соң босатылды. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.  Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл оқиға бойынша тергеу тағайындалды. Мазда жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Желтоқсанның 28-і күні Ақтөбе облысында мектеп автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан адам өлімі орын алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: