БҚО-да көлік су арнасына түсіп кетіп, екі адам мерт болды
![БҚО-да көлік көктайғақ салдарынан су арнасына түсіп кетіп, екі адам мерт болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 00:10](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9a6a7f12-f8de-407a-9813-a70c59de67f5/800x465.webp)
Батыс Қазақстан облысында көлік көктайғақ салдарынан су арнасына түсіп кетіп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, оқиға 2023 жылғы 2 қаңтар күні сағат 15:30 шамасында болған.
1962 жылы туған жүргізуші Ақжайық ауданы Алғабас кентінен 3 шақырым қашықтықта Lada Vesta маркалы көлігін айдап келе жатқанда көктайғақтың салдарынан рөлге ие бола алмай, Бударин арнасына түсіп кеткен.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1961 жылы туған жолаушы сол жерде қаза болды, ауруханаға түрлі жарақаты бар екі әйел жеткізілді, оның бірі ауруханада қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript