Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда шетел азаматы есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 17:55 Сурет: ҚР ІІМ
Полиция қызметкерлері Өзбекстан азаматынан 81 бума синтетикалық есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімінің 1,3 тармағы – алдын ала сөз байласу арқылы, адамдар тобында, есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз айналысу бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 2000 жылы туған М.есімді азамат ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ерекше иісті, ақ түсті ұнтақ заты бар 81 бума табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – таратуға тыйым салынған психотроптық зат. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жедел уәкілдер қалаға шөпті жеткізу арналарын анықтап жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: