Бестөбе шахтасына заңсыз түскен адам екі мәйітті сыртқа алып шығу кезінде ұсталды
Сурет: Instagram/altynalmas.kz
Ақмола облысының Бестөбе алтын кенішіндегі қараусыз қалған шахтаға заңсыз түскен адам екі мәйітті сыртқа алып шығу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кәсіпорынның қауіпсіздік қызметінің операторы "Центральная" шахтасы тұсында кен орнына заңсыз түскендер шығуға тырысып жатқанын хабарлаған.
Қауіпсіздік қызметі мамандары мен полицейлердің көзінше дәнекерленіп бекітілген есік бұздыртылды. Шахтадан жақын маңдағы Бестөбе ауылының 1990 жылғы тұрғыны шықты. Оның қолында қап болды, ал одан екі адамның денесі шықты. "Алтыналмас" компаниясының баспасөз қызметі
Ер адам марқұмдарды шахтаның 520-шы гаризонтында опырылған тау-тас басып қалғанын айтты.
Қаза тапқан екеудің бірі - Бөстөбе ауылының 1986 жылғы тұрғыны, тағы бірі - Есіл ауылының 1987 жылғы тұрғыны. "Алтыналмас" компаниясының баспасөз қызметі
Айта кетсек, аталған жабық шахта 2021 жылдың жазынан бері жұмыс істемейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript