Сириядағы жер сілкінісі: үйінді астында әйел босанды

Ғимараттар қирап, бала өмірге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 10:47 Сурет: pixabay
Сириялық құтқарушылар Алеппоның солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен кейін үйінді астынан жаңа туған нәрестені алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гендерес ауылында жер сілкінісі салдарынан құлаған үй қирандыларының астында әйел босанған, деп жазады El Balad.

Сәбидің анасы өкінішке орай аман қалмады, оны құтқару мүмкін болмады. Желіде жаңа туған нәрестенің құтқарылғаны түсірілген видео тарап жатыр.


Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен кем дегенде 3,5 мың адам қаза тапты.

6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,8 баллды құрады. Ел тұрғындары кем дегенде тағы 10 жер сілкінісін сезінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: