Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың денесі елге 11 ақпан күні жеткізілетін болды

Түркия, жер сілкінісі, Түркиядағы қазақтар, ҚР СІМ Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Түркияда қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың денесі елге 11 ақпанда жеткізіледі. Бұл жөнінде ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Мәйіттерді елге жеткізу шығынын мемлекет көтереді, хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакия қаласында жер сілкінісі кезінде үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туыстарына көңіл айтты.

"Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың денесін отанына жеткізуге барынша көмек көрсетеді деп сендіргіміз келеді. Отандастарымыздың мәйіттері Қазақстанға осы жылдың 11 ақпанында Анталия-Алматы рейсімен жеткізіледі деп күтілуде. Барлық шығынды мемлекет өтейді». Айбек Смадияров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярова Адана қаласының мемлекеттік емханасында жатқаны белгілі болды.

"Кеше оның жарақаттанған қолына ота жасалды, жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен үнемі байланыста. Оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған өзі барады". Айбек Смадияров

Түркиядағы жер сілкінісінен қазақстандық Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков қаза тапты. Үйінді астында қалған тағы бір қазақстандық Сабина Мамадьярованың қолы сынып, ота жасалды.

6 ақпан күні таңертең Түркияда күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір жойқын сілкінісі тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, құрбандар саны 18 мыңнан асты.

Ыстанбұлда тұратын қазақтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдауда. Нәтижесінде 160 мың долларға жуық көмек жиналып, жөнелтілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: