Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді
Іс-шаралар барысында полицейлер интернет арқылы шағын пакеттерге оралған есірткі заттарын сатқан және Павлодар аумағындағы жасырын жерге орналастырған қаскүнемнің жеке басын анықтады. Ұстау кезінде жас жігіттен ақ түсті ұнтақ заты бар 5 бума табылып, тәркіленді.
Тұрғылықты жері бойынша күдіктіден есірткі заттары салынған пакеттер, сондай-ақ оларды буып-түюге арналған заттар тәркіленді.
Сараптама нәтижелері бойынша ұсталған адамнан ең қауіпті & – PvP синтетикалық психостимулятор тәркіленді, оның жалпы салмағы 1,4 келіден асады, бұл аса ірі көлем болып табылады.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасылмалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, басқа адамдардың қылмыстық әрекетке қатысы бар екені анықталып жатыр.
Күдіктіні ұстаудың алдында қажырлы жұмыс қажет, кейде ол өте ұзаққа созылады, қызметкерлер адамның есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екенін дәлелдеу үшін бірқатар іс-шаралар өткізеді, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Айыпталушының санкцияларында көзделген ең ауыр жаза мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны білдіреді.