Петропавлдағы мектептерде сабақ тоқтатылып, автобустар жолға шықпады

Жолдар жабылып, автобустар жолға шықпады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2023 09:56 Сурет: Zakon.kz
Петропавл әкімдігі бүгін мектептерде бірінші ауысым қашықтан оқытылатынын хабарлады. Мұның барлығы жаңбырдың салдарынан жолдар мен жаяу жүргіншілер жолындағы пайда болға көктайғаққа байланысты. Қоғамдық көліктер жұмысқа әдеттегіден кеш шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада әкімдік, қала тұрғындарын қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.

"Қазір арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Көшелер мен тротуарларға сағат 5-тен  құм бастап төгілуде. Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Қоғамдық көліктер өз бағыттарына кезең-кезеңімен шығады. Сондай-ақ, қаланың жұмыс берушілерінен қызметкерлердің кешігіп келу фактілеріне түсіністікпен қарауға сұраймыз", - делінген хабарламада.

Олар сондай-ақ көлік жүргізушілерін ұқыпты болуға, мүмкін болса, жолда келе жатқан адамдарды аялдамаларға апаруға шақырады.

Бұған дейін елордада және республиканың 15 облысында жаңбыр, бұрқасын, тұман күтілетіні хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: