Алматыда тағы кептеліс: қоғамдық көлікке бөлінген жолақта екі автобус соқтығысты
Сурет: Zakon.kz
28 ақпан күні таңертең Тимирязев-Гагарин бағытында белгіленген жолақпен екі автобус соқтығысты. Салдарынан көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгердің айтуынша, 22 және 205 бағыттағы автобустар соқтығысқан.
205-ші маршруттың жүргізушісі автобусының айнасын 22-маршруттың майыстырғанын мәлімдеді. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар полицияны күтіп тұр.
Апат салдарынан автобустар мен троллейбустар өте алмай қалды. Ұзақ кептеліс пайда болып, адамдар аялдамада көп жиналды.
Жол көлік оқиғаның себебін анықтау үшін Zakon.kz редакциясы құқық қорғау органдарына сұрау жолдады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


