Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында 40 жыл қоғамдық көлік жүргізген әйел тұрады

Автобус жүргізушісі 40 жыл қызмет атқарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 15:15 Сурет: pixabay
Қарағанды қаласының тұрғыны Мұңсыз Тілегенова жасы алпысқа келсе де әлі күнге автобус жүргізіп жүр. 40 жыл бойына қоғамдық көлікті тізгіндеген бұл кісіні кеншілер шаһарының тұрғындары өте жақсы біледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Таңнан бастаймыз. Салондағы пешін қосамыз. Жаңағы жолаушыларға жылы болсын деп. Бұртиып отырмайсың біреу үшін жұмыс істеп отырғандай. Бұл өзің үшін жұмысың. Күлімсіреп қарсы аламын жолаушыларды." Мұңсыз Тілегенова, қалалық №3 автопарктің жүргізушісі.

Мұңсыз Тілегенова Ақтөбе облысының тумасы. Сол өңірде 19 жыл тролейбус жүргізген. Кейін Қарағандыға көшіп келіп автопаркке жұмысқа тұрған. Қазір қаладағы автобус жүргізетін жалғыз әйел адам.

"Осымен үш-төрт рет мініп тұрмын бұл кісіге. Ең басында ойлағам мен анадай кісі автобус жүргізе алмайтын шығар деп. Әжептәуір жаста ғой енді. Жақсы жүргізіп жүр." Рахметолла Мақашев, қала тұрғыны

40 жылғы еңбек өтілінде Мұңсыз Тілегенова жұмысына тұрғындардан бірде-бір шағым түспеген. Оның жаны нәзік болғанымен, еңбегі ерлермен тең. Тіпті жұмыста жүріп жарақат алған кезі де болған.

Өз ұжымында сыйлы маман биыл 60 жасқа толды. Автопарктегі басқа көлік жүргізушілері аяулы әріптестерін әр мереке сайын құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп тұрады. Өзінің өнегелі еңбегімен және қарапайым да парасатты мінезімен ерекшеленетін Мұңсыз Тілегенованың қала тұрғындары арасында да абырой-беделі жоғары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: