Нан алуға шыққан шымкенттік велосипедінен айырылды
Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға велосипед ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Қайнар бұлақ шағын ауданының тұрғыны сағат 18:00 шамасында нан алу үшін дүкенге барып, екі доңғалақты көлігін сыртта қараусыз қалдырған.
Бірнеше минуттан соң керегін алып шыққан ер адамның темір тұлпары орнында болмаған.
Анықтаушылар бұл фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Тәртіп сақшылары іздестіру іс-шаралары барысында жақын маңайда орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні сол күні қала аумағында ұстады. Ол 20 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript