Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК атыс қаруын сатудың ірі арнасын жойды

Заңсыз қару сатқандар тобы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 11:39 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылғы 29 наурызда ҰҚК Қазақстан Республикасы ІІМ-мен бірлесіп екі ведомствоның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, ірі ауқымда заңсыз қару айналымымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

Қылмыстық схеманың қатысушылары оқсыз атылатын, жарақаттайтын, белгі беретін және өзге де өлімге алып келмейтін қаруды кейіннен «қара» нарықта өткізу үшін жауынгерлікке қайта жасаумен айналысқан.

Арнайы операция Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында бір мезгілде жүргізілді.

"Нәтижесінде қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды. 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 бірлік қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды." ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қару мен оқ-дәрілер жасауға арналған арнайы жабдықтары мен жинақтары бар 7 қолдан жасалған цехтың жасырын әрекеті жойылды.

Заңсыз қару сатқандар тобы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 11:39

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұстау алдында ұзақ жете тексеру жүргізіліп, оның барысында әртүрлі калибрлі ұрыс патрондары мен оқ-дәрілерге келтіріліп қолдан жасалған «Калашников» автоматын, үш тапаншаны жедел сатып алу жүзеге асырылды.

"2023 жылдың ақпанында ҰҚК Ақтөбе облысында ұйымдастырушылары аталған ҰҚТ байланысы бар қаруды қолдан жасаумен айналысқан шеберхананың жұмысын тоқтатқанын айта кету керек." ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел жолмен қылмыстық схеманың барлық тізбегі ашылды.

Қаруды өткізу тәсілдері, соның ішінде «Darkshop» деп аталатын Интернеттің көлеңкелі сегментіндегі сауда алаңдары анықталды.

Заңсыз қару сатқандар тобы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 11:39

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Топ мүшелері құпиялылық пен қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтаған, әрқайсысының рөлі мұқият бөлініп берілген (жасаушылар, сатушылар, делдалдар және т.б.).

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Заңсыз қару сату және сатып алуға қатысы бар басқа да адамдарды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: