"Ит талаған". Жетісу облысында көшеден ер адам өлі күйінде табылды

15 сәуірде таңертең Жаркент қаласында көшеде 54 жастағы жергілікті тұрғын өлі күйінде табылды. Жетісу облысының полицейлері марқұмды ит талаған-таламағанын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факт Жаркент қаласында тіркелді. Ер адамның басында жырымдалған жаралар бар, яғни ол итке таланған болуы мүмкін .
"Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит анықталып, оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар табылды. Итті уақытша ұйықтатып тастауға тура келді. Ер адамның ажалы шынымен де иттің талауынан болған-болмағаны қазіргі уақытта анықталып жатыр". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript