Жаңаөзендегі жарылыс: баспанасынан айырылғандарға жаңа пәтер беріледі

Жаңаөзендегі жарылыс, баспанасынан айырылғандарға үй беріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 11:19 Сурет: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
«ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасынан айырылғандардың барлығын жаңа пәтерлермен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзен қаласының екінші шағын ауданында көпқабатты үйде газ баллоны жарылған. Жарылыстан кіреберіс құлаған. Опырылған аумақ 150 шаршы метрді құрады. 

«Баспанасыз қалған отбасылар жаңа пәтерлерге ие болады, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық қажетті көмек көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Компания марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тілейді.

Жаңаөзенде газ баллонының жарылуы кезінде бір адам қаза тауып, екеуі ауыр халде. Ауруханаға барлығы 13 науқас түсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: