Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғандық тұрғынның үйіндегі жертөледен 2,5 келіге жуық гашиш табылды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 17:27 Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу полицейлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық гашиш тәркіленді.

Есірткі 46 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің жерқоймасынан табылды.


"Ұсталған ер адам бұрын жауапқа тартылмаған және жақында ғана полицияның назарына ілікті. Рұқсат етілген тінту кезінде оның үйіндегі еден астынан полиэтилен пакетке салынған салмағы 2 келі 478 грамм гашиш табылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев."

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымынан 28 келі түрлі есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 21 келі аса марихуана, 4 келі аса гашиш және 2 келі 40,59 грамм “синтетика”.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: