Қостанай облысында үй мен көлік өртенді
Сурет: Zakon.kz
Қостанай ауданы, Заречное ауылы, Ипподромная көшесі аумағында екі бір қабатты іргелес үй мен көлік өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 cәуірде сағат 13.08-де 101-ге Қостанай ауданы, Заречное ауылы, Ипподромная көшесі аумағында екі бір қабатты іргелес үйлер (біреуі құрылыс) жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, өрттің алдын ала болжанған аумағы - 200 шаршы метр.
"Жақын жерде "Мерседес" маркалы жеңіл автокөлік және көршілес ғимараттармен біріктірілген қосалқы ғимараттар да жанған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген Қостанай облысы ТЖД хабарламасында.
Өрт орнында 11 бірлік техника мен 39 адамнан тұратын ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр.
Сағат 14.08-де локализация жарияланды. Өртті одан әрі сөндіруге барлық шара қолданылып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript