Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында қанша көлік өртенгені белгілі болды

Астана, автотұрақ, өрт, "Кристалл" тұрғын үй кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 17:18 Сурет: Telegram/qr_tjm
Астана қаласында 6 маусым күні "Кристалл" тұрғын үй кешенінің паркингінде 3 қойма үй-жайы мен 6 жеңіл автокөлік жанып кетті, жылу әсерінен тағы 4 автомобиль зақымдалды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрт 14-33-те оқшауланып, 15.02-де толығымен жойылды.

Алдын ала болжам бойынша "улы газдан улану" диагнозымен ауруханаға үш адам жеткізілді.

Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмылдырылған.


Астанада 6 маусым күні Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің автотұрағынан өрт шықты. Елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 11:56-да аттанды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: