Жаңалықтар тізбегі
0

Ақсу электр станциясында орын алған апат салдарынан төрт энергоблок істен шыққан

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 19:29 Сурет: erg.kz
7 маусымда сағат 09.40-та Ақсу электр станциясының аумағында 1, 2, 3, 4 энергия блоктарында апаттық жағдайдағы токтан ажырау орын алды, себебі қорғаныс жүйесі (сақтандыру клапандары) іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18:00-де 1,2,3 энергоблоктары іске қосылды. Қазір 4-ші энергоблокты іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде.

"Апаттың алдын-ала себебі анықталды. Мұнда электр жүйесіндегі сыртқы фактор әсер еткен. Байланыс конденсаторы бұзылды. Осының салдарынан 220 және 110 кв ашық тарату құрылғысы сөніп қалды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған жағдайға байланысты қаланың тең жартысы мен екі ауылдық округ атап айтқанда М.Омаров атындағы және Евгеньевский ауылдары электр қуатынсыз қалды. Көп ұзамай, 26 минуттан кейін электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді", - дейді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Сондай-ақ  жарық мәселесі жауапты уәкілетті органдар мен "ERG" компаниясының басшылығының бақылауында екендігі нақтыланады. Әрі қамтамасыз ету объектілері штаттық апатсыз режимде жұмыс істейді.

Айта кетсек, Ақсу мемлекеттік электр станциясы КСРО Министрлер Кеңесінің 1954 жылғы 23 маусымдағы №1240 қаулысына сәйкес құрылған. 

Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" цехында оқыс оқиға орын алғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: