Алматы облысында Hyundai көлігі жаяу жүргіншіні қоршаумен қоса қағып кетті

Жол-көлік апаты, жаяу жүргінші, Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 15:16 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Боралдай ауылында 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әлеуметтік желіде дуалға шығып, көліктен қашпақ болған ер адамның видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция оқиға 8 маусым күні кешке болғанын нақтылады.

Ведомствоның мәліметінше, Hyundai көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, 35 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Кінәлінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі және 612-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,  процессуалдық шешім соның қорытындысы бойынша қабылданады.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: