Астана маңындағы өртті 140 адам сөндіріп жатыр
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
19 маусымда Астана маңында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын-ала болжам бойынша 15 гектар аумақтағы өртті сөндіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Ведомство өкілдері өртті сөндіруге екпінді жел және жердің батпақтығы, кірме жолдардың жоқтығы кедергі келтіріп жатқанын айтты.
"Өртті сөндіруге жеке құрамның 140 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 21 бірлігі, әкімдіктің 8 суару машинасы және "Астана орманның" 10 бірлігі жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
19 маусымда Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатқаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript