Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМА: Қостанайда ұлттық жоба аясында бөлінген 500 миллион теңге ұрланды

ҚР ҚМА, жемқорлық, ұлттық жоба, субсидия, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 10:16 Сурет: Zakon.kz
Қостанайда бір топ жеке тұлға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде 2023 жылғы 22 маусым күні Zakon.kz сайтына ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми хабарламада 2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен әшкерелегені нақтыланған.

"Қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жеткізіп, оған субсидиялар төленіп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үлестірілді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласы қамауға алынып, сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция бергенін хабарлады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында қазақ күресінен "Қазақстан барысы" турнирін өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатына байланысты тексеру жүргізіп жатқаны мәлім болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: