Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада банкте бірнеше адамды кепілге алған күдіктінің қолында жарылғыш зат болған

Kaspi банк, ҚР ІІМ, банкті басып алу, кепілге алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 15:36 Сурет: polisia.kz
Астанадағы Kaspi банк бөлімшесіне басып кіріп, бірнеше адамды кепілге алған ер адамның денесі мен қолында жарылғыш зат болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жарамды болған-болмағанын сараптама анықтайды.

18 маусымда Астанадағы Kaspi банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алған ер адамда жарылғыш зат болған, деп мәлімдеді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 23 маусымда "ҚазАқпарат" тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
"Оның қолында тапаншаға ұқсайтын зат болған. Оған қоса денесі мен қолына қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсас зат бекітілген. Ол заттар сараптамаға жіберілді. Оның шынымен жарылғыш зат болғанын немесе муляж екенін сараптама анықтайды". Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев

Сондай-ақ вице-министр күдіктіні ұстау кезінде полиция қалай әрекет еткенін айтып берді. Оның айтуынша, күдікті кепілдегі адамдарға басқа есімді айтқанымен, жеке басы тез анықталып, келіссөзге туыстары тартылған.

"Жамбыл облысына шықтық, біздің бөлімшелер оның туыстарын тез тауып алып, солар арқылы оған ықпал етуге тырыстық, осылайша ол жасауы мүмкін деген әрекеттерді барынша азайттық. Бейбіт жолмен шешуге тырыстық, келіссөзден ештеңе шықпайтындай болған жағдайда іске арнайы бөлімшелеріміз кірісуі керек болған",  –  дейді Марат Қожаев.

Күдікті Жамбыл облысының тумасы Алихан Мурадов болып шықты. Оны ұстауға Астана полиция департаментінің "Арлан" арнайы жасағы жұмылдырылды. Вице-министрдің айтуынша, арнайы жасақ іс жүзінде күдікті мен кепілдегі адамдарға зиян келтірместен дәл және жылдам жұмыс істеген.

18 маусым күні Астанадағы Достық көшесіндегі Kaspi банкінің ғимаратында қаруы бар ер адам тұрғындарды кепілде ұстап отырғаны хабарланды. Оқиға орнына барған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов күдіктінің талаптары заңсыз екенін айтты. Күдікті сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

20 маусым күні Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: