Жаңалықтар тізбегі
0

15 шілдеден 8 тамызға дейін Астана әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделеді

15 шілдеден 8 тамызға дейін Астана әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 15:29 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Астана әуежайының әкімшілігі мәлімдеді. Жолаушылардан 15 шілдеден 8 тамыз аралығында әуежайға ерте келіп тіркеуден алдын ала өту сұралады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жұмыстар 15 шілдеден 8 тамызға дейін (11:00-ден 18:00-ге дейін) өтеді. 15 шілдеден 8 тамыз аралығында жол жүруді жоспарласаңыз әуежайға ерте келіп тіркеуден алдын ала өтуіңіз сұралады, себебі ұшулардың жиілігіне байланысты кептеліс болуы ықтимал", - делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан ҰҚЖ жөндеуге түсіністікпен қарауды және билетті сатып алу кезінде жұмыстарды жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды. Жөндеу жүргізу мерзімдері отандық авиакомпаниялармен келісілгенін және ұшуды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесімен шартталғанын атап өту қажет.

Айта кетейік, өткен жылдарды талдау бойынша дәл осы кезеңде жауын-шашынның ең аз мөлшері түседі, сондай-ақ асфальтбетон зауыттары үздіксіз жұмыс істейді. Сондықтан бұл жөндеу үшін ең қолайлы кезең.

Сонымен жөндеу жоспары бойынша ҰҚЖ-ның жекелеген учаскелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығы да жөнделеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: