Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында Тәжікстанның екі азаматын өлтірді деп күдікке ілінген шетел азаматы ұсталды

Алматы облысы, Тәжікстан азаматы, кісі өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 13:44 Сурет: Zakon.kz
26 маусым күні Қарасай ауданының полиция басқармасына жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, табылған мәйіттер 30 бен 34 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматтары болғаны анықталған.

"Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке 43 жастағы сол елдің азаматы ілінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады".Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов
Алматы облысы, Тәжікстан азаматы, кісі өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 13:44

Сурет: polisia.kz

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Іс негізінде сот-медициналық сараптама тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді ПД бастығы.

Сондай-ақ Полиция департаменті тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: