Алматыда кісі өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 16:40 Сурет: Zakon.kz
Кешкі сағат 17:00 шамасында аса ауыр қылмыс жасалған. Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды.

Бұл қылмыс "ізін суытпай" ашылды. Адам өлтірді деген күдікпен "Буран-065" патрульдік полициясының экипажы әйел адамды ұстады.

Ол өлтірілген ер адамның туысы екені анықталды.

Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды.

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлар анықталады", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: