Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында өртті әуеден барлау үшін тікұшақ жұмылдырылды

Атырау облысында өртті әуеден барлау үшін тікұшақ жұмылдырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2023 13:23 Сурет: Атырау облысы ТЖД
7 шілдеде Атырау қаласында түтін иісінің анықталуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник А. Ержановтың басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері (3 адам) Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізді.


"Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде, жану аумағы шамамен 5 га аумақты құрайтын 5 жану ошағы анықталды. Жану аумағы иесіз, Каспий теңізінің жағалауында орын алды. Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ. Сағат 05:40-та Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіру үшін жолға шықты. 08 сағат 30 минутта күштер мен құралдар қаладан 30 км қашықтыққа Кеңөзек елді мекені аумағына жетті", - делінген Атырау облысы ТЖД хабарламасында.

Қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы ТЖД, "Ақ Жайық" МТР 55 қызметкері, 13 бірлік техникасы, 2 бірлік мотопомпа және "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Өрт сөндіріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: