Астанада паркингтен өрт шықты: құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр

Астанада паркингтен өрт шықты: құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 16:52 Сурет: Астана ТЖД
Астанада тұрғын үй кешенінің тұрағында Range Rover көлігі өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 13:54-те өрт сөндіру бөлімдері шақыртуға аттанған. Ақан сері көшесінің бойындағы тұрақта Range Rover көлігі өртеніп, қатты түтін шыққаны хабарланған.

Өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды. Сонымен қатар 150 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады.

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 14:40-та сөндірілді.

1 тамызда Алматыдағы Ақкент тұрғын үйіндегі көпқабатты үйден өрт шықты. Өрттен құтылу үшін адамдар терезеден секірген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: