Астанада 13 қабатты тұрғын үйде өрт шықты
Сурет: ҚР ТЖМ
Астанада 2026 жылғы 23 маусымда 13 қабатты тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарының бірінде өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Байқоңыр ауданында, Отырар көшесінде тіркелген.
112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Қазіргі уақытта өзге деректер жарияланған жоқ.
"Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде техникалық қабаттағы балконда ашық жалын байқалды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің ашық жалыны оқшауланды", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, 17 маусымда Астана орталығындағы Триатлон саябағы аумағында да өрт тіркелген болатын. Балалар алаңшасын өртеу фактісі бойынша жасөспірімдер күдікке ілінген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript